Жаңа телехикая жарық көрді

0 140

Бүгін балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына — 100 жыл. Жазушының мерейтойына орай «Он алты жасар чемпион» повесінің желісімен телехикая түсірілді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қуанышты хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

4 бөлімнен тұратын телехикаяны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген.

«Сериалда бас кейіпкер — табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында бокстан Әлем чемпионы атанған ауыл мектебінің оқушысы Мұрат Батырбаевтың рөлін Нұрлыбек Есен және Әлібек Қосубақ сомдап шықты. Ал жаттықтырушы Николай Трофимовичтің рөлін Сергей Семыкин ойнайды. Режиссері — Нұргелді Садығұлов», деп жазды министр.

«Он алты жасар чемпион» қаламгердің 1951 жылы жазған туындысы. Шығарма кейіннен бірнеше рет өңделіп, «Чемпион, «Жекпе-жек» атауларымен де жарық көрді.

Ал телехикая «Qazaqstan» телеарнасынан 19-20 қазан күндері 15:00-де көрсетіледі.