Жаңа оқу жылы қашан басталатыны белгілі болды
Білім министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 10 шілдедегі бұйрықпен 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталуы келесідей:
2024 жылғы 1 қыркүйек – 2025 жылғы 25 мамыр аралығы.
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілмек:
— 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;
— 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында.
Сондай-ақ қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітіледі:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
— математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 29 мамыр;
— қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін — жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2 маусым;
— таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы 5 маусым;
— орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 10 маусым;
11 (12)-сынып оқушылары үшін:
— Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;
— алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 3 маусым;
— қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 6 маусым;
— таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2025 жылғы 12 маусым;
— өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 13 маусым.