Жамбылда 4 жасөспірім жол апатына ұшыраған

0 405

«Тойота» көлігі «Тараз-Жаңатас» бағытында асқан жылдамдықпен жүйткіп, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған. Таңғы сағат 04:00 шамасында 4 жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылған, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

KTK арнасының хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың бірі әкесіне тиесілі «Тойота» көлігін рұқсатсыз мініп кеткен.

Енді баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалады. Ал дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы ауыр екенін алға тартып отыр.