Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

0 2

Жамбыл облысы полиция департаменті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін 155 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді. «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін жүйелі түрде бұзып келген, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіріп, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған. Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған. Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биыл да жалғасқан.

2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Қазір жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылған.