Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

0 119

Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

ТЖМ хабарлауынша, Шу ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

− Бүгін таңертең жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады, − делінген хабарламада.