Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік анықталды

0 203

Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 476-шақырымында «Toyota Alphard» маркалы автокөлігі тоқтатылды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

26 жастағы ер адамның жалған мемлекеттік нөмірлі көлікті басқарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес (көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Көлік айып тұрағына қойылды.