Жамбыл облысында “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

0 68

2025 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жамбыл облысы аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерліктің жолын кесу және балық ресурстарын қорғау мақсатында “Уылдырық” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Іс-шара балықты заңсыз аулау, тасымалдау және сату деректерін анықтап, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарға табиғатты қорғау заңнамаларын қатаң сақтап, уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынатынын ескертеді.