Жамбыл облысында үш су қоймасының құрылысы басталады
Биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын реконструкциялау қарастырылған.
Қордай, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Жуалы аудандарында 53,9 гектар жерге су беру сапасын жақсарту үшін 34 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 12 жоба аяқталды. Былтыр жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болатын 37 каналда құрылыс жұмыстары аяқталды. 46 тік дренажды ұңғыма бұрғыланып, 12-сі қалпына келтірілді.
Министрлік алдағы екі жылда Жамбыл облысында 19 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 330 шақырым болатын 105 каналға реконструкция жасалады. , – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бұл тасымалдау кезінде су шығынын азайтады және өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады