Жамбыл облысында полицейлер оқушының жоғалған телефонын тауып берді

0 15

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған балаларға шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі келтірген дерекке сенсек, қоғамдық көлікпен қатынайтын екі оқушының бірі автобуста телефонын ұмытып кеткен. Не істерін білмей дал болған балалар жақын жерде жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне жүгініп, көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері жағдайды бірден назарға алып, жедел басқару орталығына хабарласып, қаладағы бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағытын анықтайды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында автобус дер кезінде тоқтатылып, жоғалған ұялы телефон табылған.

Қауіпсіздік талаптарын назарға алған полиция қызметкерлері баланың әжесін шақырып, ұялы телефонды заңды иесіне табыстаған. Өз кезегінде оқушының әжесі полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.