Жамбыл облысында өрттен 11 адам құтқарылды

0 140

Тараз қаласы Байзақ батыр көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында электр қалқанында  электр сымдары жанған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ күшімен түтін аймағынан баспалдақ маршының және үш иінді баспалдақтың көмегімен 11 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылған.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.