Жамбыл облысында өртенген мейрамханадан 250 адам құтқарылды

0 70

Жамбыл облысында екі қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Анықталғандай, алдымен нысанның шатыры жанып, кейін қызыл жалын 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залын шарпыған. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылған.

«Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, ТДЖ психологтары және 12 бірлік техника жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылса, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.