Жамбыл облысында «Мама» кино-концертінің премьерасы өтті
2026 жылғы 3 наурыз күні «Баласағұн» орталық концерт залында «МАМА» атты ерекше форматтағы кино-концерттің премьерасы өтті. Шараны Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйі ұсынды.
«МАМА» – бұл жай ғана концерт емес, анаға деген құрмет пен тағзымға арналған сахналық туынды. Кино мен музыканы үндестірген қойылым төрт бөлімнен тұрады: «Құрақ көрпе», «Ананы жылатпа», «Ана үйі» және «Жаса, Ана». Әр бөлімде ана махаббаты, тағдыр, мейірім, кешірім мен алғыс тақырыптары терең көркемдік шешіммен жеткізді.
Көрермен назарына ана мен бала арасындағы кіршіксіз сезім, өмір жолындағы таңдаулар, адамгершілік пен жауапкершілік мәселелері ұсынылды. Бағдарламада белгілі шығармалар орындалып, мазмұнды бейнепролог пен сахналық қойылымдар арқылы көркем желі сабақтастырылды.
Аталған кеш – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отбасы институтының маңызын арттыруға бағытталған рухани кеш болды. Кешке кіру тегін болды.
Іс-шараға қатысқан облыс тұрғындары мен қала қонақтары премьера кешінен керемет әсер алды. Жалпы қойылымға ауданның 40 өнерпаздары өнер көрсетті.