Жамбыл облысында 17 жастағы қыздың денесі табылды

0 174

Жамбыл облысының Қордай ауданында жас қыздың денесі табылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, марқұм болған қыз 17 жаста болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды»,  делінген хабарламада.