Ұялы телефон арқылы қарыз алу схемасы әшкереленді

0 5

Қазіргі таңда алаяқтар сенгіш азаматтарды алдау үшін әр түрлі жаңа схемаларды ойлап табуда. Олардың басты мақсаты – адамдардан ақшаларын алып қалу. Жамбыл облысында алаяқтардың құрбандарының саны көбейіп келеді. Бірақ, әрқашан да әділет жеңеді…

Қазақстанның бір өңірінде полиция қызметкерлері бірнеше айлакер алаяқтық әрекеттермен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпарат агенттігінің тілшісі.

Осылайша, қылмыскер жол бойында кездейсоқ кездескен адамдардан немесе таныстарынан «жедел қоңырау шалуға» ұялы телефондарын сұраған, бірақ оларды шын мәнінде микрокредиттік ұйымдардан микрозайм алу үшін пайдаланған. Ол телефондардың құрылғыларына қол жеткізген соң, арнайы қосымшалар арқылы онлайн қарыздар рәсімдеп, ақшаны өз есепшоттарына аударатын болған.

Барлық азаматтарды абай болуға, ұялы телефондарды бейтаныс адамдарға бермеуге және қосымша қорғаныс шараларын орнатуға шақырамыз.