Ұлына Абай есімін қойған қазақстандықтар 180 мың теңге алады

0 412

Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Осыған орай, «ASSYLTAS» қоғамдық қоры биылғы жылды Абай жылы деп жариялап, ұлы философтың мұрасын сақтау мақсатында ерекше бастама көтерді.

«2025 жылғы 10 тамызда дүниеге келген Абай есімді балаларға 180 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалады», деп хабарлады кәсіпкер Дулат Тастекей «instagram» парақшасында.

Жобаның мақсаты – Абай мұрасын сақтап, оның есімі мен философиясын жаңа ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.