Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа 4 мыңнан астам сарбаз қатысуда

0 132

2025 жылы 7 мамырда Астанада «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталды. Парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқаруда, деп хабарлайды деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Елордадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды.

Әскери шеруге елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді.

Атап айтқанда, 1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1,2 миллионнан аса отандасымыз қатысты. Республиканың әрбір төртінші тұрғына әскер қатарына шақырылды.

Осы салтанатты іс-шара «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда өтіп жатыр. Парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Оған қоса, қала тұрғындары мен қонақтары 200-ден астам заманауи әскери техника мен қару-жарақты, әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен тікұшағын тамашалай алады.