Тұрғын үй сату-сатып алу нарығында рекорд орнатылды

0 222

2024 жылдың шілдесі 2022 жылғы сәуірінен бері тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген ай болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 099 құрады.

Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар:

— Алматы – 7 091 (17,7%);
— Астана – 6 843 (17,1%);
— Қарағанды облысы – 3 208 (8%).

Мәмілелер саны:

— пәтерлер бойынша – 30 973;
— жеке үйлер бойынша – 9 126.

Бұл ретте тұрғын үй нарығындағы шілдедегі баға өсімі келесідей:

— Жаңа тұрғын үй – 2,4% (бір жылда), 0,1% (бір айда);
— Қолданыстағы тұрғын үй – 3,2% (бір жылда), 0,4% (бір айда);
— Жалға алу – 5,2% (бір жылда), 1,8% (бір айда).