Түркістандық азамат үйінде арыстан мен жабайы құстарды заңсыз ұстаған

0 249

Аталған облыста сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісі анықталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Polizia.kz-тің мәліметінше облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданында үйінің ауласында арыстан және жабайы құстар асыраған тұрғынды анықтаған. Жедел уәкілдер  оның үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан 1 арыстан және 2 бүркіт пен сұңқар, 2 үкі, 2 кекілік құстарын тәркілеген. Ер адам жабайы жануарларды өз қажеттілігі үшін асырағанын айтқан.

Арыстан мен құстар Шымкент қаласы зообағына орналастырылды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.