Түркістанда 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
Түркістан облысында дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан ұйысып қалған шаш алып шықты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Анасының айтуынша, қыздың асқазан аймағы ауырсынып, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмағының төмендеуі сияқты шағымдары болған.
«Науқастың асқазанын тексеру кезінде салмағы бір келіге жуық шаштың түйіні анықталды. Хирургтер бірден бір сағатқа созылған ота жасады. Ертеңінде қыз қарапайым палатаға ауыстырылып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды», деп жазады басылым.
Балалар хирургы мұндай жағдай балаларға жеткіліксіз көңіл бөлуден туындайтынын атап өтті.
«Кішкентай балалар ауыздарына әртүрлі заттарды жиі салады, бұл олардың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз», деді ол.