Түркістан облысында екі баланы ит талап тастады

0 1 080

Түркістан облысындағы Шардара қаласында екі баланы ит талап тастады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Астана арнасының хабарлауынша, 9-10 жастағы қыздар аудандық аурухананың хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген. Оларға жарақатына байланысты ем тағайындалды.

2014 жылы туған қыз бала тәуліктік стационарда. Жағдайы орташа ауырлықта, ал 2015 жылғы қыз бала жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, күндізгі стационарда емін жалғастырады, — деп мәлім етті Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дәрігерлер емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілетінін хабарлады.