Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидромет» синоптиктері 26-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Метеорологтар ұсынған болжамға сәйкес, алдағы үш күнде республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда да жаңбыр мен қар жауады.
Ал түнде ауа температурасының -2-7 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.
Десе де солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын түспейді.
Сондай-ақ күндіз ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі:
- елдің батысында +20+27°С дейін,
- солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін,
- қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін,
- оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін,
- елдің шығысында ауа температурасы +3+11°C шамасында болады.