Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті
Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Сербия Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас форматында достық кездесу өткенін жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичке бір сандық Алматы апортын тарту еткен.
Сондай-ақ Александр Вучич Сербияның дос елдерге мақтанышпен есігін ашатынын және бұл кеш осының тағы бір дәлелі екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде елдер сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдете түсті.