Тоқаев ҚХР Төрағасы ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды «Aulieatanews» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты», делінген хабарламада.