Тоқаев: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстанда неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық деңгейде нығайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруы тиіс екенін атап өтті.
«Мораль мәселелері бойынша мемлекеттік ұстаныммен келіспейтін көзқарастар үшін қылмыстық қудалауға немесе моральдық кемсітуге ешбір жағдайда жол беруге болмайды. Мемлекеттің ұстанымын қарапайым формуламен түйіндеуге болады: әрбір азаматтың таңдау жасау құқығы бар, алайда бұл таңдауды ешкімге күштеп таңуға болмайды. Біздің мемлекет барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін берік қорғайтын болады», деді Мемлекет басшысы.