Таразда жаңа әскери ату полигоны ашылды
Тараз гарнизонының әскери қызметшілері үшін маңызды оқиға – жаңа әскери ату полигонының ашылуы өтті. Бұл шараны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы алғашқы практикалық оқыту сабақтарымен ұштастырды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Жақында Тараз гарнизонының әскери қызметшілері атыс даярлығын 40 шақырымдай жердегі Айша-Бибі полигонында жүргізетін. Ал, енді астананың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа ату полигоны қызметшілердің орналасқан жеріне анағұрлым жақын орналасып, транспорттық қолжетімділікті жеңілдетті. Бұл жаттығуларға қатысуға кететін уақыт пен ресурсты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа объект Айша-Бибі полигонына түсетін жүктемені азайтады. Себебі, бұрын бұл жерге тек Құрлық әскерлерінің ғана емес, басқа да әскер түрлерінің қызметшілері келіп жаттығады.
Жаңа ату полигонының ашылу салтанаты ұқыпты әрі іскерлік жағдайда өтті. Ашылу күні-ақ әскери қызметшілер атыс даярлығы бойынша алғашқы практикалық жаттығуларды бастады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің командирінің орынбасары полковник Ержан Мейірманов Тараз гарнизонының әскери қызметшілері үшін аталған полигоның жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Ату полигоны оқыту қауіпсіздігі мен тиімділігін толық ескере отырып жабдықталған. Мұнда «Калашников» автоматы мен «Макаров» тапаншасынан оқ атуға арналған жеке бағыттар бар, олар бөлек қоршаумен бөлінген. Полигоның айналасына бес метрлік қорғаныс қабырғалары тұрғызылып, атыстар кезінде кез келген қауіпсіздік тәуекелдері толығымен жойылған.
– Әскери ату полигоны біздің әскери қызметшілеріміздің мамандық бойынша оқыту, жауынгерлік дағдыларын жетілдіру, тапсырмаларды орындау үшін қажетті тәжірибе алу орнына айналады, – деді полковник Ержан Мейірманов. – Сонымен бірге бұл құрылым әскери ұжымның бірлігін нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға, тәртіпті арттыруға ықпал етеді.
Аталмыш аймақтағы оқу инфрақұрылымын дамытудағы алғашқы кезең ғана. Алдағы уақытта мұнда ірі атыс секторы, қалалық шарттарда соғыс әрекеттерін жетілдіруге арналған арнайы кешендер, тау-шаңғы дайындығы бойынша бөлімдер және орташа әрі ұзақ қашықтыққа оқ ату бағыттары ашылуы жоспарлануда.
Жаңа ату полигонының ашылуы оңтүстік топтағы бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын арттыруда маңызды қадам болды. Бұл – Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының Тараз маңында заманауи оқу-тренаждық орталық құру жөніндегі жоспарының жүзеге асуы. Генерал-майор Мереке Кучекбаев бұл жобаны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін басқарған кезінде бастап кеткен.