Таразда антитеррористік оқу-жаттығу сәтті аяқталды

0 164

Тараз қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен «Қалқан-Антитеррор-2025» атты кешенді оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды  «Aulieatanews» ақпарат агенттігінің тілшісі.

Оқу-жаттығу шаралары жоспарға сай, қалыпты режимде жүргізілді. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалып, шартты террористік қауіптің алдын алу мақсатындағы тактикалық әрекеттер сәтті жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта барлық шектеу шаралары алынып, көлік қозғалысы мен күнделікті тіршілік қалыпты режимге түсті.

Ұйымдастырушылар тұрғындарға көрсеткен сабырлылығы, қолдауы мен уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандары үшін ризашылығын білдіреді.