Таразда алаяқ 1-ші топ мүгедегінің пәтерін сатып жіберген

0 152

Алаяқ 62 жастағы әйелдің Тараз қаласында орналасқан екі бөлмелі пәтерін 9 миллион теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың маусым айында алаяқ психикалық ауытқуы бар жәбірленушінің шарасыздығын пайдаланып, пайад тапқысы келген. Қалалық соттың шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Қала прокуратурасы алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалау ісін бастады.

Күдікті қамауға алынды. Оның осындай басқа да істерге қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.