Тараз тұрғындары төрт мың ағаш көшетін отырғызды

0 47

Жамбыл облысында қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық басталды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 наурыз сенбі күні тараздықтар таңертеңнен бастап Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына жинала бастады. Мұндағы жалпы қалалық сенбілікке аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестердің, жастар және волонтерлік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Бұл күнгі сенбіліктер Тараз қаласындағы облыс әкімдігі ғимаратының, Қазақ хандығының монументі жанында, «Әулие-ата» әуежайы аумағында, Ниетқалиев, Сүлейменов және басқа да көшелер бойында өтті. Сенбілікке қатысушыларды «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұл күні облыс орталығында 225 қайың көшеті, 2900 үйеңкі , 150 акация, 800 Шаған ағашы, сондай – ақ бірнеше ондаған қарағай, магнолия көшеттері, жалпы алғанда төрт мыңнан астам жаңа ағаштар отырғызылды.