«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты

0 41

Қазақстандық тағы бір көркем туынды халықаралық кинофестивальде топ жарды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметінше, «Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде «Алтын кубок» алды.

Шанхай фестивалінен жағымды жаңалық бар! Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген «Талақ» фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді. Әлемнің үздік 14 фильмінен озып, жеңімпаз атанған шығармашылық топты құттықтаймыз! — делінген мәліметте.

Шанхай фестивалі – «А» санатына жататын он фестивальдің бірі.

«Талақта» басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған.