Таиландта әйел питонмен екі сағат арпалысып аман қалды

0 16

Таиландта полиция екі сағаттан астам уақыт бойы питонмен арпалысқан әйелді құтқарды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«CNN» мәліметінше, 64 жастағы әйел ел астанасы Бангкок шетіндегі үйінде ыдыс жуып отырған. Сол кезде ол аяғын бірнеше рет шаққанын сезінген. Артына қарағанда, жыланды байқаған.

Артынша питон оны орап алып, жерге құлатқан. Полиция мәліметінше, әйел екі сағат бойы өзін тұншықтырған питонмен арпалысқан.

Әйелдің көмек сұраған дауысын естіген бойда көршісі тәртіп сақшыларына хабарласқан.

Полицияға әйелді құтқару үшін 30 минут қажет болған. Сонан соң ол ауруханаға жатқызылған.