Сұлулық пен мейірім мерекесі

0 204

Құрметті аналар, аяулы арулар!

Сіздер – әлемнің жарығы, тіршіліктің жүрегі, мейірім мен сұлулықтың символысыздар! Сіздер барда өмір мәнді, күн шуағы жылы, көктем шын мәнінде әсем, деп құттықтайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің ұжымы.

Бұл күн – сіздердің нәзіктіктеріңіз бен қайсарлықтарыңызды, махаббаттарыңыз бен мейірімдеріңізді дәріптейтін ерекше мереке. Сіздердің күлімдеген жүздеріңіз – әлемнің ең көркем көрінісі!

Жүректеріңіз махаббат пен қуанышқа, жандарыңыз шаттық пен жылулыққа толы болсын! Сіздерге баянды бақыт, зор денсаулық, армандарыңыздың орындалуын тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын, асыл жандар!