Сметов 250 мың долларға қатысты сұраққа нүкте қойды

0 352

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекет тарапынан берілетін 250 мың доллар сыйақысын қайда жұмсайтынын сұраған жанкүйерлеріне жауап берді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Дзюдошы «Gap Podkast» «YouTube» арнасына берген сұқбатында сыйақының 4 жылда бір берілетін айлық екенін атап өтті.

Біздің спортта жүріп өткен карьерамызды 4 жыл деп алсақ, сол алған 250 мың долларды 4 жылдың 12 айына бөліп тастаймыз. Сол кезде ай сайынғы ақша бір тиын болып қалады. Ай сайын алатын жалақың есебінде болады. Сол сияқты сен ай сайын алып жатқан жалақыңды қайда жаратасың деген сұрақтың өзі ыңғайсыз деп ойлаймын. Әр адам жұмысына қарай ай соңында жалақы алады ғой. Жеке өміріңіз, жеке амбицияңыз, ар жағында бала-шағаңыз, одан бөлек жүріп-тұруыңыз бар. Мүмкін сіздің көмектесетін бауырыңыз не бір адамыңыз бар шығар. Оны басқа адамға айтудың қажеті жоқ деп санаймын, — деді Елдос Сметов.