Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді
Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
1990 жылы туған Азиза Қалиева ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанған.
Әкімдіктің мәліметінше, нәрестенің салмағы – 4 900 грамм. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.