Ресейдің «Су-35» ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің «Су-35» ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барды. Сапар 11 қарашадан 12 қарашаға дейін созылады.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен келіссөздерге қатысып, сондай-ақ онлайн форматта Оралда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысады деп жоспарланып отыр.