Рамазан айы қарсаңында жаңа «Telegram-бот» іске қосылды
Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат мәселелері бойынша ақпарат таратып, кеңес беретін «@MuftyatBot» әзірледі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жаңа «Telegram бот» Рамазан айында пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беру үшін арнайы әзірленген.
Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің өзге де қалаларына арналған ауыз ашар мен ауыз бекіту кестесін «https://t.me/muftyatbot» арнасынан жүктеп, көруге болады.