Құқықтық сауаттылық – заманауи қоғам талабы
Қоғамда әрбір азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын білуі және оларды қорғай алуы құқықтық мемлекеттің маңызды көрсеткіші болып саналады. Құқықты білу тек заңгерлермен ғана шешілетін мәселе емес, ол әрбір адамға қажет өмірлік дағды. Ал, сіз кез келген ортада өзіңіздің құқығыңызды қорғай білесіз бе?
Құқық – бұл мемлекет бекіткен және заңмен қорғалатын адамның міндеттемелері мен мүмкіндіктерінің жиынтығы. Әрбір азаматтың тәуелсіз мемлекетте еркін өмір сүруге, білім алуға, жеке ой-пікірін айтуға, ар-намысы мен қадір-қасиетін толықтай қорғауға негізделген фактор. Бұл құқықтар Конституцияда және басқа да заңнамалық актілерде нақты көрсетілген, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Көп жағдайда адамдар өз құқықтарының бұзылып жатқанын сезсе де, қайда жүгіну керек, қандай әрекеттер жасау керек екенін білмей жатады. Яғни, құқықты қорғау міндетті түрде айқаймен немесе жанжалмен шешу емес. Ол дегеніміз құқықтық сауаттылықты дамытудың бірден-бір жолы. Яғни, заңды білу, ақпараттардан хабардар болу, дұрыс әрекет жасау және құжат жүзінде дәлелдеу. Сондықтан, құқықтық сауаттылық – заманауи қоғамдағы маңызды өмірлік дағды. Жалпы, құқықтық міндет адамның жасына, ұлтына, дініне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан қорғалады. Тіпті, мекттеп оқушыларына да міндеттелген заңдар бар. Атап айтатын болсақ, мектеп ережесіне бағыну, тәртіп бұзбау, ұстаздарды құрметтеу және жүз пайыз білім алу.
Құқығыңызды білу – өзіңізді қорғаудың алғашқы қадамы. Заңды сыйлау, өз құқығың мен міндетіңді түсіну саналы азаматтың айқын белгісі. Әр адам өз құқығын қорғауға дайын болса, қоғам да әділетті әрі қауіпсіз болады. Осы жоғарыда аталып өткен барлық жағдайлар адамдар арасындағы тепетеңдік пен міндеттің заңды орындалуына әсер етеді. Сол себепті, қандай ортада болмасын, өз құқығыңызды әрдайым қорғай біліңіз.