Қоржынға алғашқы медальдар түсті

0 597

Қазақстандық спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарды. Бүгін, 9 қыркүйекте ел қоржынына 3 медаль түсті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, аударыспақтан 60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды. Ол финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.

Ал дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Қасымхан Қанат пен Айкөркем Батихан қола медальға ие болды. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр.