«ҚазАвтоЖол» 6 өңір бойынша ескерту жасады

0 780

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәлімдеуінше 12 желтоқсанда Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар жауатыны күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

«Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.