Қазақстанға Словакия Премьер-министрі ресми сапармен келеді

0 6

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.