Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді

0 170

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға  Қытай  Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

– Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады. 17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді, – делінген ресми хабарламада.