Қазақстандықтар үшін тегін дәрі-дәрмектер көбейеді
Денсаулық сақтау министрлігі кейбір аурулармен ауыратын Қазақстан азаматтарының жекелеген санаттары үшін тегін немесе жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жоба аясында келесі үш жаңа дәрілік препаратты енгізу көзделген:
-Лимфоидты, қан түзу және туыстас тіндердің қатерлі жаңа түзілімдерін (оның ішінде апластикалық анемия және иммундық тромбоцитопения) емдеуге арналған;
— Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған;
— Псориаз дертіне қарсы емдеуге арналған.
Бұл жобаның мақсаты созылмалы және онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін тиімді терапияға қолжетімділікті арттыруға, клиникалық нәтижелерді жақсартуға және өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған.
Аталған жоба «Ашық НҚА» (Нормативтік құқықтық актілер) порталында 2025 жылғы 16 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.