Қазақстандықтар Әкелер күнін атап өтуде

0 231

Қазақстанда Әкелер күнін атап өтуде, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Мереке аясында бүкіл ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланған.

«Форумдар, «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем – мақтанышым» суреттер конкурсы, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Менің әкем – ең жақсы адам» акциясы басталады»,-делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің басшысы 2023 жылғы 1 маусымда қол қойған жарлыққа сәйкес Қазақстанда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы және тәрбие институтын нығайту мақсатында әлемнің көптеген елдерінде аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» ресми мерекелері біздің елімізде де бекітілген (Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі).