Қазақстанда жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайндағы 500 теңге және 20 000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2025 жылдың төртінші тоқсанында жаңа үлгідегі 500 теңгелік банкноттар, ал 2026 жылы – 20 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізіледі», – деп хабарлады Ұлттық банк.
Еске салайық, 2024 жылдың басында Ұлттық банк 500-ден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкноттарды ауыстыру жоспары туралы айтқан болатын.