Қазақстанда қант үш ай қатарынан қымбаттап жатыр

0 396

Еліміз бойынша орта есеппен ұсақ қанттың бір келісі 2021 жылы 274 теңге болса, биылғы жылдың мамыр айында 420 теңгеге шыққан, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Биылғы жылдың қаңтар айынан мамыр аралығында елімізде өндірілген қант көлемі – 39,6 мың тонна. «EnergyProm» сарапшылардың мәлімдеуінше, бұл – соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

– Мамыр айында қанттың бағасы тағы қымбаттады. Әрине, бар-жоғы 0,1 пайызға ғана десек те, бұл тоқтаусыз өсім үш ай қатарынан жалғасып жатыр, Қанттың бағасы 3 пайызға өссе, сәуір айында 3,7 пайызға қымбаттаған. Алдағы уақытта бұ бағаны ұстау да қиындауы мүмкін, – дейді сарапшылар.