Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

0 268

Көлік министрлігі елдегі бірнеше республикалық жолдарды ақылы негізге ауыстыру бойынша ұсыныс жобасын «Ашық НҚА» порталына енгізгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бұл қатарда Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал — Шу, Қандыағаш-Мақат, Қарағанды айналма жолы, Тараз айналмалы жолы, Үшарал – Достық жол учаскелері бар.

Министрлік мәліметінше, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталмақ.

Ведомоство осы ұсынысты жария талқылауға қатысып, «Ашық НҚА» порталында пікір білдіруге болатынын хабарлады.