Қазақстанда алтынның бағасы қымбаттады

0 14

Қазақстан нарығында бағалы металдың ресми құны жаңа рекорд орнатып, бір грамы 44 мың теңгеден асып кетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

2024 жылдың басынан бері алтын бір грамы 30,3 мың теңгеден 44 495 мың теңгеге дейін өскен.

Алтынның қымбаттауына инвесторлар, өндіріс секторы тарапынан сұраныстың артуы себеп.

Айта кетейік, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7,4 тонна 199 235 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 24% – 48 629 дана. Одан кейін 100 грамдық алтын құйма – 47 227 дана (24%), 5 грамдық құйма – 44 127 дана (22%), 20 грамдық құйма – 31 612 дана (16%), және 50 граммдық құйма – 27 640 дана (14%).