Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан халқы нағыз қыстың аязын енді сезеді.
Осылайша 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон енеді.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -22…-30°C дейін төмендейді, шығыста -27…-35°C, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста -10…-20°C болады.