Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

0 57

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26, 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді.

«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35…+38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40…+46 градусқа дейін көтеріледі», деп болжады синоптиктер.