Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған заң күшіне енгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бұл заңға сай автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде «орташа жылдамдықтан» асып кеткені үшін жауапкершілік енгізіледі.
Ал «Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Осы ережені сақтамаған жүргізушілерге 5-40 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
«Жолдардың әр түрлі учаскелерінде «орташа жылдамдық» әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі. Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған», деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.