Қазақстанда 13,5 миллион тонна астық жиналды

0 15

Бүгінгі таңда елімізде негізгі дәнді дақылдар бойынша 9,1 миллион гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 13,5 миллион тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ауылшаруашылығы министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бидай 6,8 миллион га алқапқа жиналды, өнімділігі 14,1 ц/га 9,7 миллион тоннаға жуық. Арпа – 1,5 миллион га, өнімділігі 16,5 ц/га 2,5 миллион тонна. Сұлы – 133,1 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га 207 мың тонна.

Биыл майлы дақылдар орташа өнімділігі 11,0 ц/га 136 мың га алқаптан жиналды, 150,3 мың тонна бастырылды.

57,1 мың гектар алқаптан 257,5 ц/га өнімділік кезінде 1,5 миллион тоннаға жуық картоп жиналды. Ал көкөніс дақылдары 87,7 мың гектардан жиналды, 243,3 ц/га өнімділік кезінде 2,1 миллион тоннадан астам .

Бақша дақылдары 93,5 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,8 ц/га, жалпы алым 2,4 миллион тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа да  техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.